Стихи, посвященные Ак Сарбазу

АҚ САРБАЗ СӨЗІ

Төрелік етер тегім бар,
Түнектен алар кегім бар,
Киелі байтақ жерім бар,
Көшпенді ҚАЗАҚ елім бар.
Алтынға арын сатпаған,
Тәңірлік салтты сақтаған,
Желмая мінген бабам бар,
ЖЕРҰЙЫҚ іздеп таппаған.
Даланың заңы жүйелі,
Қонақты халқым сүйеді.
Күйім де менің киелі,
Емшегі нардың иеді.
Үлкенді сыйлап иілген,
Өнерге жаны сүйінген,
Жеріне келіп жау кірсе,
Жұдырық болып түйілген.
Шешендік десе көсілген,
Мерейін әнмен өсірген,
Тыныштық тілеп тірлікте,
Кектенбей жауын кешірген.
Арамдық болмас арымда,
Даламның күші қанымда,
Ұлың боп тудым халқым-ау,
Ақ Сарбазыңды қабылда!
Сайтаннан сесін асырған,
Аспаннан түнек қашырған,
Тәңірге ғана бас ұрған,
Жаралған Жанмын жасыннан.
Қолымда менің барлығы –
Қиналған Жердің тағдыры.
Жерұйық жасау еліме
Тәңірдің соңғы жарлығы.
Қайыспай өтсем сынақтан,
Ол – мені туған Қазақтың,
Қаныма біткен нарлығы!

АҚ САРБАЗ 70 ЖАСҚА ТОЛҒАНДА ЖІБЕРІЛГЕН СМС ӨЛЕҢ:

Түнек торлап, жатқан қорлап шақта бұл –
Ақ Сарбазды тудырыпты Хақ Тәңір.
Соқырлар мен кереңдердің ішінде
Ғарыш үшін жұмыс жасап жатқан Ұл!
70 жасқа Ағам толды дәл бүгін,
Жыр-тілегім арнасынан ақтарыл!
Жал ғыздықта Жанына дақ түсірмей,
Жиһан үшін жұмыс жасап тәп-тәуір,
70 жастың биігіне шықты Ағам,
Құтқарушы Болмысына Тартқан Ұл!
Біз білмеген бағаңызды Хақ білсін –
Күллі Ғарыш Өзі Сенім Артқан Ұл!!!

Жәнібек Әбілпейсов, 23.05.2012ж., 07:46.

АҚ САРБАЗ АТАҒА

Жақсылыққа жетелеп,
Жаманнан бізді қайырған
Адалдықтың Патшасы, –
Ақ Сарбаз деген Атамыз!!!

Нұрсәуле Жәнібекқызы 3-класс оқушысы

Источник:
Тема: Ғарыш Сарбазы атты тәрбие сағаты
Subject: Ғарыш Сарбазы атты тәрбие сағаты
Date: 23.05.2015 19:17:23
Астана қаласы
№ 37 Сырбай Мәуленов атындағы орта мектеп